19.07.2024
20:02
1161
Экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтың ісі сотқа келіп түсті

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтың ісі сотқа келіп түсті

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қалалық сотының мәліметінше, іс «өте құпия» деген белгімен түскен. 

Біз бұған дейін Ерлан Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, ұсталғаны туралы жазған болатынбыз. Көп ұзамай экс-министр тергеу изоляторына 2 айға қамауға алынды