Экономиканың даму үлгісін түбегейлі өзгертуіміз керек – Тоқаев

30 Наурыз 2023, 11:47 1025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрақты экономикалық өсімнің жылына кем дегенде 4 % болуын қамтамасыз ету керектігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.


«Экономиканың даму үлгісін түбегейлі өзгертуіміз керек. Ол үшін әртараптандыру жұмысын жүйелі жүргізіп, нарық қағидаларын нығайту маңызды. Түпкі мақсатымыз – жоғары технологияға негізделген, өзін-өзі толық қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілетті экономика құру», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Миражан Махан
Бөлісу: