05.10.2023
20:18
1339
Экологтар Жаңаөзенде қоқыстан табылған жануар өлексесіне қатысты пікір білдірді

Экологтар Жаңаөзенде қоқыстан табылған жануар өлексесіне қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желіде арқарға ұқсас жануар өлексесінің қоқыс жәшігінде жатқан видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, бұл ешкі тұқымдас жануар көрінеді.

Иә, шынында да, оны арқармен шатастыруға болады, бірақ бұл Қызыл кітапқа енбеген жануар түрі. Жануардың неліктен контейнерде жатқаны белгісіз. Оны көлік қағып, ізін жасыру үшін сонда лақтырып жіберген деген болжам да бар, - дейді эколог Әділбек Қозыбақов.