Экологиялық заңнама: кәсіпорындарда 1,6 мың құқық бұзушылық анықталды

23 Қаңтар, 11:09 778

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев атап өткендей, өткен жылдың қорытындысына сәйкес шығарындылар бойынша нормативтердің 3,3%-ға – 4,2 млн тоннадан 4,06 млн тоннаға дейін, төгінділер бойынша 8%-ға – 2,5 млн тоннадан 2,3 млн тоннаға дейін төмендеуіне қол жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау мақсатында 652 тексеру жүргізілді, нәтижесінде 1,6 мың құқық бұзушылық анықталды.

Олар бойынша жою туралы 628 тиісті ұйғарым берілді.

322 млрд теңгеге 2,1 мың әкімшілік айыппұл салынды, 11,3 млрд теңге мөлшерінде 1,8 мың айыппұл өндірілді.

Қалғандары орындалып жатыр.

Экологиялық жағдайды жақсарту үшін ірі кәсіпорындар жыл сайын табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарларын әзірлейді.

Сонымен қатар жұртшылықпен, экоактивистермен, жергілікті атқарушы органдармен және табиғат пайдаланушылармен бірлесіп өңірлердің экологиялық мәселелері қаралды.

Нәтижесінде олардың кешенді шешімі бойынша 18 жол картасы әзірленді.

EL.KZ
Бөлісу: