Экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды

27 Қазан 2023, 19:45 847

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Галидулла Азидоллаұлы Азидуллин берген өтінішіне сәйкес экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Галидулла Азидуллин 1981 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасында бастаған.

ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды.

2023 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып жұмыс істеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: