Экологияға зиян келтірген ақтөбелік компанияларға 1 млрд теңге айыппұл салынды

12 Шілде 2022, 08:08 968

Бұл туралы облыстық бас экологі баспасөз мәслихатында айтты. 

Ақтөбеде қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтамаған өндіріс орындарына милилард теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл туралы облыстық бас экологі баспасөз мәслихатында айтты. 

Ақтөбе облыстық экология департаменті қаланы су, жылумен қамтып, ағынды суды залалсыздандырып отырған «Aqtobe su-energy group» АҚ-ын тексерді. Кәріз тазарту құрылғысы және кәріз сорғылау стансасы-1, 11 және 13 аймағында қалдықтарды уақытша жинау және сақтауға арналған арнайы орынның жоқ екені анықталды. Нәтижесінде сарқынды суларды өңдеу кезінде шыққан шлам құрылыс, тамақ қалдықтарымен және қатты тұртыстық қалдықпен араласатыны белгілі болды. Лай тұнбасы кәдеге жаратылмаған және қайта өңделмеген болып шықты. Сонымен бірге қалдықтар жағылған. 

Суды сынау хаттамасына сәйкес №1 су реттеуші торапқа шығарылатын су құрамында ластаушы зат мөлшерінің асып кеткені анықталды. Әрі департаментке мәлімет толық ұсынылмаған. Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорынға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 18 хаттама толтырылды, - деді облыстық экология департаментінің басшысы Талап Ұснадин. 

Сондай-ақ Ақтөбе облысы экология департаменті облыс прокуратурасымен бірлесіп «GasProcessingCompany» ЖШС тексеру жұмыстарын жүргізді.

Ауаға ластаушы заттардың шығарған, жердің ластап, қалдықтарды дұрыс сақтамаған. Тексеру нәтижелері бойынша «GasProcessingCompany» ЖШС-і ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, 675 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Әкімшілік айыппұл сомасы мемлекет кірісіне ерікті түрде өндіріп алынды, - деді Талап Ұснадин.

EL.KZ
Бөлісу: