Бұл шығарылымда көлік доңғалақтарының экологияға әсері мен оларды қайта өңдеудің маңыздылығы туралы сөз қозғаймыз. Пайдаланылған автодоңғалақтар – табиғатқа қауіпті қалдықтардың бірі. Олар ұзақ уақыт бойы ыдырамайды және дұрыс жойылмаса, қоршаған ортаға зиян келтіреді.