Бұл шығарылымда бүгінде экологиялық қауіптің жаңа түріне айналған – электронды қалдықтар туралы сөз қозғаймыз.
Электронды қалдық немесе e-waste – істен шыққан немесе жарамсыз болған телефондар, компьютерлер, тұрмыстық техника, батареялар мен басқа да электроника өнімдерінің қалдығы. Бұл қалдықтардың басты қаупі – құрамында сынап, қорғасын, кадмий сияқты улы заттардың болуы. Олар дұрыс жойылмаса, топыраққа, суға тарап, адам денсаулығына да, экожүйеге де ауыр зиян тигізеді.