Екінші күйеуінен ажырасқан Дильназ Ахмадиева енді тумайтынын айтты

14 Сәуір 2023, 16:11 8301

Отандық эстрада жұлдызы Дильназ Ахмадиева екінші күйеуінен ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол енді дүниеге сәби әкелгісі келмейтінін, болашақта бала асырап алуға ниетті екенін жеткізді.

Екінші күйеуіммен ажырастым. Енді қайтадан тұрмысқа шыққалы жатқан жоқпын. Алайда жалғыз да болмаймын. 21 жасымнан бастап жігітпен кездесе бастадым, қазір 43-ке келсем бір ай болса да жалғыз қалып қойған кезім болған емес. Маған расымен өзімнен үлкен ер адамдар ұнамайды. Өйткені, қатты иіс сезгіш адаммын. Олардан жағымсыз иіс шығады, - дейді Дильназ Ахмадиева «Мамский әңгіме» бағдарламасына берген сұхбатында.

Оның қазіргі жігіті техникалық саланың маманы екен. Дегенмен, шығармашылыққа жақын деп отыр. 

Оның қазір ұлы бар. Дильназ қатал ана екенін айтты. 

Балам еркелеп жылай бергенде күтушіні басқа бөлмеге жіберемін де өзім телефоннан баса алмай отырамын. Ол ешкім өзіне назар аудармай жатқанын түсініп, күтушісін іздейді. Оның да жоқ екенін түсінеді. Сосын жылағанын қоя қояды. Әзірге сөйлей алмайтындықтан осылай тәртіпке саламын. 5 жасқа келгенде оған бала күтушінің кім екенін, ананың кім екенін түсіндіремін. Ұлымның сырт келбеті әкесіне ұқсайды, бірақ мінезі маған тартқан,  - дейді әнші.

Енді  болашақта қыз бала асырап алғысы келеді екен. Ол қанша рет түсік тастасам да қайғырып, жылаған емеспін деп айтты.

Мен бәрібір ана болатынымды, бұл сынақтың өз себептері барын түйсігіммен сездім, түсіндім. Мен енді тумаймын. Сурогат ана жалдау үшін маған тағы да ЭКО жасату керек. Мен балама керекпін. Өз денсаулығымды сақтап қалғым келеді. Сондықтан егер тағы да балалы болғым келсе балалар үйінен аламын. Қыз бала асырап алғым келеді, - дейді Дильназ Ахмадиева.

Алмас Абылай
Бөлісу: