«Екібастұзжылуэнерго» мекемесіне 27,6 млн теңге айыппұл салынды

29 Наурыз 2023, 18:00 1043

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мамандары Екібастұз қаласының прокуратурасымен «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС-нің қызметіне жүргізілген тексеру аясында монополисттің заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына бекітілген температуралық кестенің параметрлеріне Екібастұз қаласының тұрғындарын жылумен сапасыз қамтамасыз ету түріндегі жүйелі түрде сәйкес келмеуін ескере отырып, ҚР ҚК 4-бөлігі бойынша бес әкімшілік іс қозғады. Бұл баптардың санкциясында 27 600 000 теңге айыппұл қарастырылған.

«Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабына сәйкес 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50%-ын, яғни 13 800 000 теңгені өтеді.

EL.KZ
Бөлісу: