Үкімет пен жедел штаб мүшелері Мәметов, Шешембеков көшелерінде орналасқан тұрғын үйлерді, «Өнер» мәдениет үйін аралап көрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2022 жылғы 30 қарашада Екібастұзда Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі жылусыз қалған 17 көппәтерлі тұрғын үйді жылыту жүйелеріне қосу үшін Қазақстанның басқа өңірлері мен кәсіпорындарынан – Астана, Павлодар, Қарағанды, Босшакөлден (Kazminerals) келген жөндеу бригадалары жұмысқа кірісті.
Бригадалардың жалпы саны 34-тен 42-ге дейін өсті.