Екібастұздағы апат салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр

5 Ақпан 2023, 10:30 1173

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті

Екібастұзда жылумен жабдықтау желілерінде анықталған зақымдарды жою жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Облыс әкімі Асайын Байханов жөнделіп жатқан учаскелерді аралап, жұмыс барысымен танысты. 

Жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Осындай 40 учаскенің 29-ы қалпына келтірілді. Темірбетон науаларын орнату қажет болған 11 учаскедегі жұмыстар келесі аптаның соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Сондай-ақ, тұрғын үйлердің кіреберістерінде жылытуды қалпына келтіру үшін радиаторларды орнату мәселесі пысықталуда, бұл туралы тұрғындардан көп сұраныс келіп түсуде. Бүгінгі таңда осындай 287 өтінім келіп түсті. Радиаторлардың қажетті саны жеткілікті әрі олар ұсынылған өтінімдерге сәйкес келесі аптаның басынан бастап ұсынылатын болады.

Асайын Байханов жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жөндеу науқанына дайындық жұмыстарын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Өңір басшысы қазірдің өзінде қажетті материалдың 70%-ын сатып алуды бастап, жұмыс кестесін анықтау қажет екенін атап өтті.

EL.KZ
Бөлісу: