Станциядан шығатын судың темпераутасы 71 градусқа жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Pavlodarnews.kz -ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың қатысуымен өткен жедел штабтың отырысында мәлім болды.
«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәліметінше, қазір үш су жылыту және үш энергетикалық қазандығы жұмыс істеп тұр. Жылу беру температурасы 71 градус және қайтару кезінде 47 градус.
Қазіргі уақытта №14 қазандыққа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оны 19 ақпанда сағат 20.00-ге таман пайдалануға беру жоспарланған.
Еске салайық, 18 ақпан күні сағат 04:55-те ЖЭО-дағы желілік су ысырмасы аймағында тығын сынған болатын. Станция қызметкерлері дереу зақымданған жерді кесіп, жөндеу жұмыстарын бастады.