Екібастұзда жұмысшылар мінген автобус апатқа ұшырады

12 Тамыз, 17:08 548

Екібастұзда 24 қызметкері бар автобус аударылып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысының полиция департаменті Екібастұз қаласында ЖШС-нің бірінің аумағында жүргізуші ПАЗ автобусын жүргізу кезінде, рульді басқара алмай, кюветке жол жиегіне шығып кеткенін мәлімдеді. Автобус салонында 24 қызметкер болған.

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

Олардың бесеуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаториялық емге жіберілді. Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы ауыр емес.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: