16.04.2024
16:38
3293
Екібастұзда жұмысшы пойыз астына түсіп көз жұмды

Екібастұзда жұмысшы пойыз астына түсіп көз жұмды

Екібастұзда қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Жұмысшы вагондардың қозғалмалы құрамының арасына кіріп кетіп, қаза тапқан.

Өңірдің полиция департаменті қазіргі уақытта еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.