31.12.2022
09:42
1706
Екібастұзда жарылған су құбырын жөнделді

Екібастұзда жарылған су құбырын жөнделді

Екібастұзда зақымданған техникалық су құбырын жөндеу жұмысы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

31 желтоқсан түнгі сағат 00.51-дегі ақпарат бойынша, Екібастұз жылу электр орталығына арналған диаметрі 500 мм-лік техникалық су құбырын қалпына келтіру жұмысы соңына жеткен.

«Қазіргі уақытта жүйе іске қосылып жатыр. Коммуналдық қызмет мамандары желіні қажетті сумен толтырып болғанша оқиға орнында жұмысын жалғастырады. Бүкіл процестер мамандардың бақылауында», - деп хабарлады Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.