Оқыс жағдайға ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Бұл туралы @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Автобуста «Богатырь-Көмір» ЖШС компаниясының қызметкерлері болған. Компания ауа райының қолайсыздығына байланысты қызметкерлерді жұмыс орнына жеткізу үшін автобус жалдаған.
Салдарынан адамдарды жұмыс орындарына жеткізу кезінде мердігерлік ұйымның үш автобусы жолдан шығып кетті, – деп жазылған хабарламада.
Кәсіпорын қызметкерлері арасында зардап шеккендер жоқ. Барлық қызметкерлер жұмыс орындарына жеткізілді және штаттық режимде жұмыс істеуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram