27.04.2023
19:14
1707
Екібастұзда тұрғын үй өртенді

Екібастұзда тұрғын үй өртенді

Екібастұзда тұрғын үй отқа оранды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қызыл жалын шарпыған аумақ көлемі 800 шаршы метрді құраған.

Салдарынан 30 эвакуацияланған, олардың жетеуі – бала. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Оқиға орнында ТЖД-ның жеке құрамынан 22 адам жұмыс істеп жатыр. Екі қабатты үйден 6 газ баллоны шығарылған. 

Өрт себебі анықталып жатыр.