28.06.2023
08:25
1283
Екібастұзда екі көлік соқтығысып, жүргізуші ауруханаға түсті

Екібастұзда екі көлік соқтығысып, жүргізуші ауруханаға түсті

Апат салдарынан жүргізуші зардап шекті. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 17:00 шамасында Пішембаев – Қазбек Нұралин көшелерінің қиылысында Mitsubishi көлігі мен «Газель» автокөлігі жол апатына ұшыраған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 44 жастағы «Газель» автокөлігінің жүргізушісі жарақат алды. Қазіргі уақытта ол ауруханаға жатқызылды, - деді департаментте.

Автомашиналар мамандандырылған тұраққа қойылды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде, сараптама тағайындалды.