21.01.2023
14:40
1122
Екібастұзда 65 тұрғын үйге жылу беру тоқтатылады

Екібастұзда 65 тұрғын үйге жылу беру тоқтатылады

Бүгін Екібастұзда жылумен жабдықтау желілеріндегі зақымдарды жою бойынша жұмыстар жоспарланған. Жөндеу кезінде 65 тұрғын үй, оның ішінде 4 көпқабатты үй жылудан ажыратылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, Марғұлан, 1, Мәшһүр Жүсіп, 58/1, Әуезов, 61/1, Молдағұлова және Шығыс өткелдері, 12-желілік өткел, Шевченко, 30, Оңтүстік өткел, 8 көшелері бойынша жылумен жабдықтау желілерінің ақаулы учаскелері ауыстырылады.

Тұрғын үйлердегі жылумен жабдықтауды өшіру 3-тен 8 сағатқа дейін созылады. Жөндеу жұмыстарына 37 адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылады.

«Барлық жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жылумен жабдықтау қалпына келтіріледі», делінген хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, қаланың жылу желілерінде 131 зақым жойылды, қалған 23-і алдағы 10 күнде жойылады деп күтіледі.