Екібастұзда 40-тан астам үй сусыз отыр

2 Желтоқсан 2022, 19:44 1094
 
Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Бүгінгі күнге дейін қалада 49 жеке тұрғын үй жылу мен сусыз отырды. Қазіргі таңда жағдай өзгеріп, бірқатар үй жылу желісіне қосылды.
«Қазіргі уақытқа дейін 49 жеке тұрғын үй жылу мен сусыз отырды. Бүгін жағдай өзгерді, қаладағы 52-ші жылу пунктін іске қостық. 17 тұрғын үйдегі жылу пунктерін 6 үйге қостық. 18:00-де 11 тұрғын үй Орталық жылу пунктінен өшірілген болатын. 5а және 6-шы шағын ауданындағы 12 тұрғын үй де өшірілді. Жалпы, 18:00-де 30 тұрғын үй жылусыз қалды»,- деді Павлодар облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Олег Крук.
Оның айтуынша қаладағы жағдай рет ретімен қалыпқа келіп жатыр. «Бүгінде 40-тан астам үй суық сусыз қалды.
 
Жұмыс жүріп жатыр. Кешегі күні олардың саны 56-ны құрады, яғни оң динамика байқалады. Электр желілерінде жүктеме бар. Егер қалыпты режимде қала шамамен 30-32 мегабайт тұтынатын болса, бүгінде орташа тұтыну шамамен 48 мегабайтты құрайды. Ең жоғары көрсеткіш 55-ке жетті. Қосымша кезекші топтар ұйымдастырылды», - деді Аян Бейсекин.
 
Қазіргі уақытта барлығы 7 кезекші бригада тәулік бойы келіп түскен хабарламаларға жауап беруде. Бүгінде 11 үйде электр энергиясынан ақау шыққан. Кезекші бригада жөндеу жұмыстарымен айналысуда. Жағдай бақылауға алынды. Азаматтардың барлық өтініштері дер кезінде қаралатынын атап өтті.
Миражан Махан
Бөлісу: