Екібастұзда 4 автогаз құю бекетінен өрт шығып, бір адам көз жұмды

26 Шілде 2023, 16:25 634

Екібастұзда 4 автогаз құю бекетінен өрт шығып, салдарынан бір адам көз жұмды деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Екібастұз қаласында Қонаев 5 мекенжайында автокөліктерге автогаз құю бекетінен өрт шықты. Тілсіз жау газ құю бекетіне жақын орналасқан «Феруза» азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сондай-ақ 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры өртенді.

Оқи отырыңыз:

26 шілде сағат 13:24-те автокөлікке газ құю станциясында газ құйылған 4 резервуар өртенді. Сондай-ақ оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған, - делінген хабарламада.

Өрттің көрші ғимараттарға, жолдан кейін 100 м қашықтықта орналасқан меншік үй секторларына өту қаупі бар. Оқиға орнында 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеуде. Өртті сөндіру жалғасуда. Тұрғындар эвакуацияланған жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: