Екібастұз тұрғындары интернетті тегін пайдаланады

29 Қараша 2022, 11:05 1241

Оператор SMS хабарлама арқылы пакеттің есептелгені жайлы хабарлайды

Павлодар облысының тұрғындарына тегін ұялы байланыс қызметі ұсынылды. 160 мыңнан астам абонент бір ай бойы тегін қоңырау мен мобильді интернет қызметін пайдалана алады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жылу электр орталығындағы апатқа және Екібастұзда жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мобильді операторларды Екібастұз бен Павлодар облысының тұрғындарына қолдау көрсетуге және тегін трафик ұсынуға шақырып, акцияға бастамашы болды.

Осылайша, Екібастұз аймағындағы 17 мың Tele2/Altel абоненті 45 минут тегін қоңырау мен 45 тегін SMS, сондай-ақ 8 Гб интернет-трафик алады.

Бұл пакеттті 2022 жылғы 28 қарашадан бастап 30 күн қолдануға болады.

Павлодар облысының барлық Kcell абоненттеріне 4 Гб интернет-трафик пен басқа мобильді операторлар нөмірлеріне 20 минут тегін қоңырау беріледі.

Бонустық ресурстар 2022 жылдың 28 қарашасынан бастап 7 күн жарамды болады.

Оператор SMS хабарлама арқылы пакеттің есептелгені жайлы хабарлайды.

EL.KZ
Бөлісу: