Екібастұз МАЭС-2 жаңғырту кезіндегі жымқыру: 1 млрд теңгеге жуық шығын келтірілген

16 Ақпан, 10:43 788

Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында үшінші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайларын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: