Екібастұз әкімі тұрғындарға қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтты

2 Желтоқсан 2022, 20:14 955

Қала тұрғындарына қажетті көмектің барлығы көрсетілуде. Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин Екібастұздағы жағдайға байланысты өткен брифингте айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

«Қалада барлығы 14 стационарлық жылу пункті бар. Сонымен қатар, әр аумақтарда орналасқан қосымша жылу пункттері, 10 шақты жылжымалы жылу пункттері бар. Жергілікті тұрғындардың сұранысы бойынша  25 био дәретхана орнатылған», - деді ол.

Сондай-ақ, тұрғындарға ыстық тамақ пен шәй беріліп жатыр. Қажетті көмек көрсетіліп, жағдайды бақылау ұстайтынын атап өтті. 

Миражан Махан
Бөлісу: