«Екі жасқа толар еді». Блогер Әсел Асқар шетінеген ұлын еске алды

30 Қаңтар, 15:13 1340

Танымал блогер Әсел Асқар сегіз айында қайтыс болған ұлына жан тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Кішкентай Айбарыс дерттен көз жұмған еді.

Бүгін ұлым 2 жасқа толар еді. Үлкен болып өсе бер деген тілек айта алмаймын. Арамызда болғанда үлкен торт үріп тойлататын едік. Туған күніңе сай бөлмені безендіріп, айналып жүгіруші едің. Түрлі ойыншықпен ойнаушы едің. Саған киімдерді кигізіп көруші едім, ал сен ұстатпай қашушы едің. Анаң сен үшін бәрін жасайтын еді. Мен сені қатты сағындым, мамасының Бусинкасы.  Сен дүниеге келген сәт есіме түсіп, өкіріп жылап алдым, –  деп жазды ол.

Желі қолданушылары «Баланы жайына қалдырса екен», «Ешкімді Алла баламен сынамасын», «Сенімен бірге жылап отырмын» деген пікірлер жазып жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: