Екі қыз бір баланы соққыға жығып, видеосын желіге салған

26 Мамыр, 18:01 2022

Әлеуметтік желіде екі жас қыз жасөспірім баланы соққыға жыққан сәттің видеосы тарады. Бейнежазба кейіпкерлері мектеп түлектері екенін байқауға болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Видеоны журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында жариялады. Онда екі қыздың қасында тағы бір жігіттің жүргені анық көрінеді.

Алматы қалалық Полиция департаменті жасөспірімді соққыға жыққандарды анықтап, олар ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілгенін мәлімдеді.

Сотқа дейінгі терегу амалдары басталды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: