Екі қазақстандық спортшы жүзуден Олимпиадаға қатысады

2 Шілде, 22:14 485

Жүзуден Қазақстан құрамасының екі мүшесі Париж Олимпиадасына қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, Әділбек Мусин мен Ксения Игнатова төрт жылдықтың бас додасында бақ сынайды.

Мусин 100 метрге баттерфляй және еркін әдіспен жүзуден сынға түседі. 

Ал Игнатова 100 метрге шалқалай жүзуден өз күшін сынап көреді. 

Зарина Арман
Бөлісу: