Екі өңірде жабылған жолдар ашылды

14 Қараша, 09:04 276

«ҚазАвтоЖол» еліміздің екі облысында жолдарда қозғалыс қалыпқа келтірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысында

Сағат 07:00-ден бастап «Алматы-Өскемен» автожолының 45-68 шақырымы Сарыөзек ауылынан-Көктал ауылынан  Алтынемел асуына дейінгі аралығы, осы жолдың 9-180 шақырымы Үшарал қаласынан Достық ауылына дейінгі аралығы, 287-557 шақырымда Талдықорған қаласынан Үшарал қаласына дейінгі аралығында көлік қозғалысы ашылды.

Жамбыл облысында

Сағат 06:00-де «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 143-214  шақырымы Алматы облысы шекарасынан Қордай ауылына дейінгі аралығында көлік қозғалысы ашылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: