Екі өңірде есірткі өндірумен айналысып келген зертханалар анықталды

31 Шілде 2023, 12:20 832

ҰҚК синтетикалық есірткімен айналысатын екі өндірістің жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 17 және 24 шілдеде ҰҚК Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша департаменттері Ұлттық ұланды жұмылдыра отырып прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткінің екі ірі жасырын өндірісінің жұмысын тоқтатты.

Оқи отырыңыз:

Заңсыз айналымнан 29 келіден аса «мефедрон» психотроптық заттары, 1 тоннадан аса прекурсорлар, сонымен қатар есірткі өндіруге арналған химиялық реагенттер мен арнайы зертханалық құрылғылар алынды.

ҰҚК мәліметінше, тәркіленген есірткінің «қара нарықтағы» бағасы 580 млн теңгеден асуы мүмкін.

Ұсталған республикамыздың 4 азаматына қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, - делінген мәліметте.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: