Екі облыстағы республикалық жолдар жабылады

28 Қараша 2022, 17:31 1748

Ауа температурасының 30 градустан төмендеуі болжанады

Бүгін сағат 19:00-ден бастап Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасының 30 градустан төмендеуі болжанады. Осыған байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ нақтылағандай, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сағат 19:00-ден бастап Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының барлық республикалық автожолдарында дизельді және жолаушылар рейстік автобустарының қозғалысы уақытша шектеледі.

«Республикалық трассалардың пайдаланушыларынан маршрутты алдын ала құруды, алыс жаққа жол жүрмеуге және ауа райының өзгеруін мұқият қадағалауды сұраймыз», делінген компания хабарламасында.

EL.KZ
Бөлісу: