14.12.2024
20:27
1111
Екі облыста жолдар жабылды

Екі облыста жолдар жабылды

"ҚазАвтоЖол" еліміздің екі өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланыста жолдар жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтар болақ, 14 желтоқсан сағат 20:00-ден бастап Қарағанды облысындағы "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1353-1426 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Сондай-ақ дәл осы уақыттан бастап Ақмола облысындағы  "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1291-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төламқы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) жол жабылды. 

Көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған жолдарды 15 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.