Екі күнге жоспарланған Астана халықаралық форумында қандай мәселелер талқыланбақ?

6 Маусым 2023, 12:45 955

Халықаралық қоғамдастық жікке бөлінушіліктің күшею және геосаяси бөліну дәуіріне қадам басқан кезеңде Қазақстан негізгі жаһандық сын-қатерлерді шешу үшін күш жұмылдыру мақсатында жаңа диалог алаңы – Астана халықаралық форумы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Форум 8-9 маусымға жоспарланған. Жиынға 1000-нан астам шетелдік қонақтар келеді. оЛардың арасында Катар мемлекетінің әмірі Шейх Тамим бин Хамад Әл Тани,  Қырғыз республикасының президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желка Цвиянович және басқа да құрметтер меймандар келеді деп күтілуде.

40-тан астам панельдік сессия, бейресми пікірталас және мазмұнды жиындар өтеді. Форумның стратегиялық серіктестері – БҰҰ және CNN. ҚР Үкіметі ұйымдастыратын форум Конгресс-орталықта (EXPO) өтеді.

Қандай мәселелер талқыланады?

Форумның мақсаты - қоғамның әртүрлі салаларындағы көшбасшыларды, саясаткерлерді, ғалымдар мен сарапшыларды біріктіруге арналған платформа арқылы бейбітшілік, тұрақты даму және прогресс қағидаттарын ілгерілетуге ықпал ететін инновациялық және практикалық шешімдерді қолдау.

 

Алмас Абылай
Бөлісу: