Екі күнде республиканың көп бөлігінде күн құбылмалы болады

12 Қыркүйек 2023, 00:34 766

«Қазгидромет» 12-14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде Қазақстанда күшті жел соғып, күн күркіреп, жаңбыр жауады. 12 қыркүйекте республиканың солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығысында нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

Солтүстік-батыста ауа температурасы күндіз 13-23 градустан 15-25 градусқа дейін, солтүстікте 10-15-тен 12-17 градусқа дейін, орталығында 10-23 градустан 12-23-ке дейін көтеріледі. Негізгі ауа температурасы күндіз батыста 18-25 градус, оңтүстікте – 22-30, оңтүстік-шығыста – 18-27, таулы аудандарда – 7-12 градус жылы болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: