Ақтөбеде тәртіп сақшылары екі айда жол ережесін 308 рет бұзған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz жазуынша, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "Қорғау" жүйесінің көмегімен шетелдік нөмірі бар ВАЗ-2114 автокөлігін басқарған 35 жастағы жергілікті тұрғынның қала көшелерінде бірнеше рет жылдамдықты асырғанын анықтаған. Айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 11,5 миллион теңгені құрайды. Көлік арнайы тұраққа қойылды.