27.09.2025
08:24
846
Екі ай бойы тек ет жеген блогер ағзасында қандай өзгерістер болғанын айтты

Екі ай бойы тек ет жеген блогер ағзасында қандай өзгерістер болғанын айтты

Екі ай бойы тек ет жеген блогер Джейк Москато ағзасында қандай өзгерістер болғанын баяндады. Бұл туралы LADBible-ге сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Эксперименттің алғашқы күндері ауыр сынаққа айналған. Джейктің айтуынша, қантқа бай әдеттегі тағамнан бас тарту қиын болған.

Алғашқы аптада ауырсынулар болды, өмірім үшін қорқа бастадым, – дейді ол.

Екі аптадан асқазаны ауыра бастаған.

Алайда бір ай өткен соң жағдай күрт өзгеріп, блогер өзін «қуатқа толы аң» сияқты сезінгенін айтады. Дегенмен ол спортзалдағы тұрақты жаттығулардың да рөлі зор болғанын алға тартты.

Сөйте тұра сарапшылар мұндай тәжірибенің қауіпті екенін ескертеді. Диетолог Рима Пиллайдың айтуынша, тамақ рационының сан алуандығына көңіл бөлу керек.

Клетчатканы тұрақты тұтыну денсаулыққа орасан пайда әкеледі. Ол ішек жұмысының қалыпты болуына, сондай-ақ қауіпті аурулардың алдын алуға ықпал етеді. Ал талшықты тағамнан бас тарту жүрек пен бауыр ауруларының қаупін арттырады, – дейді маман.

Сонымен қатар ол етке негізделген диетаның зиянды әсері жылдар өткен соң ғана білінуі мүмкін екенін атап өтті. Артық қаныққан май холестериннің күрт көтерілуіне әкелуі ықтимал.