24.08.2022
11:46
1405
ЕХӘҚМ ҚР Әлеуметтік кодексі жобасына ұсыныстар күтуде

ЕХӘҚМ ҚР Әлеуметтік кодексі жобасына ұсыныстар күтуде

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомствоның ресми сайтында алдын ала талқылау үшін Әлеуметтік кодекстің жобасын орналастырды.

Құжатпен мына сілтеме (https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/documents/details/337099?lang=kk) бойынша танысуға болады.

Әлеуметтік кодекс қазақстандықтар өмір бойы түрлі жағдайлар кезінде жүгіне алатын әлеуметтік қамсыздандырудың барлық шараларын біріктіреді.

Кодекс мынадай бағыттар бойынша түсіндірмелерді қамтитын болады:

- халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету бөлігіндегі заңнама;

- мемлекеттік органдар мен өзге де мекемелердің құзыреті;

- халықты әлеуметтік қорғаудың бағыттары және оларды іске асыру тәртібі.

ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасына қатысты пікірлерді sockodeks@enbek.kz электрондық поштасына жіберуге болады.