16.09.2023
19:56
996
Egov.kz платформасы уақытша жұмысын тоқтатады

Egov.kz платформасы уақытша жұмысын тоқтатады

Бүгін Egov.kz платформаларының жұмысында уақытша үзіліс болады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл туралы «Электронды үкімет» Telegram-арнасы мәлім етті.

Осылайша, ақпараттық жүйенің жұмысы белгілі бір уақыт аралығында уақытша қолжетімсіз болады.

Біз өз қызметтеріміз бен жобаларымызды үнемі жетілдіріп отырамыз. Тұрақты жаңартулар қызметтер мен жобаларды сізге ыңғайлы етуге көмектеседі. Осыған байланысты, 16 қыркүйек сағат 21:00-ден 17 қыркүйек сағат 05:00-ге дейін «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін жобалар уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін, - делінген хабарламада.