Egov.kz платформалары уақытша жұмыс істемейді

20 Мамыр 2023, 20:18 936

Бүгін Egov.kz платформаларының жұмысында уақытша үзіліс болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл туралы «Электронды үкімет» Telegram-арнасы мәлім етті.

Осылайша, ақпараттық жүйенің жұмысы белгілі бір уақыт аралығында уақытша қолжетімсіз болады.  

20 мамыр сағат 21:00-ден 2023 жылғы 21 мамыр сағат 05:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізілетін болады. Осы уақытта «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін ақпараттық жүйелер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Берік Арманов
Бөлісу: