ЕGov mobile-да деректерді тіркеу жеңілдеді

20 Шілде 2022, 00:18 2230

Бұдан былай бұрынғыдай СМС-хабарлама күтудің қажеті жоқ.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасына енді eGov mobile-да тек биометриялық деректер арқылы тіркелуге болатынын жазды, деп хабарлайды  El.kz.

Яғни, бұдан былай бұрынғыдай СМС-хабарлама күтудің қажеті жоқ және пайдаланушылардың деректерінде қауіпсіздік сақталады. 

– Қазір eGov mobile – бұл өте ыңғайлы қосымша және халыққа қызмет көрсету орталықтарында алатын қызметтерді осы жерден жылдам алуға болады. Атап айтқанда, 400 мемлекеттік қызмет және жеке тұлғаларға арналған e-license қызметтері, жеке куәлік пен жүргізуші куәлігін қоса алғанда, 18 сандық құжат бар, – деді министр. 

Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметтерді телефоннан жылдам алуға көмектесетін мүмкіндіктерді іске асыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. 

– Биометриялық деректер арқылы тіркелуге тоқтала кетсем. Digital ID жүйесі арқылы алдын ала бейне-сәйкестендіруден өтіп, ЭЦҚ кілттерін алу қажет. Өзім арнайы кіріп көрдім, 2-3 минут уақытымды алды. Қазір әріптестеріміз қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтерді телефоннан жылдам алуға көмектесетін мүмкіндіктерді іске асыру бағытында тиісті жұмыстар атқаруда, – деп жазды Бағдат Мусин

Бөлісу: