503.15
543.3
5.93

Египетте батискаф апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты

Sindbad Club
27 Наурыз, 17:20 449

Мысырдың Хургада курорты маңында батискаф суға батып, салдарынан алты адам көз жұмды, олардың бесеуі — шетел азаматтары, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Апат болған сәтте жолаушылардың басым бөлігі құтқарылып, Хургададағы қонақүйлер мен ауруханаларға жеткізілген.

Құтқарылған туристердің денсаулығына байланысты алаңдауға негіз жоқ. Өкінішке қарай, төрт адам қаза тапты. Тағы бірнеше адамның тағдыры нақтыланып жатыр, – делінген Ресейдің консулдық хабарламасында.

Қазір батискафтың ішінде қалған бес адамды шығару жұмыстары жалғасуда. Қаза тапқандардың нақты азаматтығы әлі анықталу үстінде.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: