Егемендік тарихы – тәуелсіздікке апарар даңғыл жол

25 Қазан 2022, 05:00 4144

1990 жылы Қазақстандағы Егемендік туралы декларация қалай және қандай жағдайда қабылданды?

1990 жылы 25 қазанда әлі кеңестік Қазақстан үшін маңыздылығын бағаламау мүмкін емес тарихи оқиға орын алды. Сол күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны қабылдау туралы қаулы шығарды. Құжат халықтың өз еркін білдіруі ғана емес, Кеңес Одағы шеңберінде де республиканың дербестігін заң тұрғысынан растаудың дәлеліне айналды. Дәл осы оқиға 1991 жылы Қазақстанның ресми тәуелсіздігін қабылдаудың бастапқы қадамы болды. Бұл 1991 жылы 16 желтоқсандағы Декларацияның негізінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның қабылданғанын білдіреді. 

Егемендіктің алғышарты

80-жылдардың соңына қарай тауарлардың тапшылығының ұлғаюымен, мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуімен, кеңестік республикалардың жариялылығы мен ұлттық өзін-өзі тануының өсуімен бірге, Кеңес Одағының ыдырауының қайтымсыз процесі басталды. Республикалар бірінен соң бірі өздерінің егемендігі туралы жариялай бастады, кейбірі тіпті, өздерінің тәуелсіздігін күллі әлемге паш етті. «Егемендіктің парады» деп аталған сол кезеңде ең алғаш болып Балтық жағалауы елдері, соның ішінде, Литва мен Латвия тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан егемендігі туралы әлемге жария еткен соңғы республикалардың бірі болды, мұның салмақты себебі де бар еді. Бұл туралы ретімен айтып берсек.

Менің  президентім

1990 жылғы 24 сәуір күні республика үшін тарихи күнге айналды, дәл осы күні ҚазКСР Президенті лауазымы бекітілді.

Президенттің лауазымын бекіту үшін қолданыстағы, әзірге сол кездегі кеңес Конституциясына сәйкес өзгерістер енгізілді. Алайда дәл осы оқиға тарих парақтарынан аңғарғанымыздай, өте қарқынды орын ала бастаған келесі жүйелі өзгерістерге ықпал етті. Қазақстандағы президенттік институтын енгізу егемендікті білдірмесе де, сол кезде республиканы нағыз егемендікке алып келген процестер орын ала бастады. Президент лауазымының бекітілуімен бірге, сәйкесінше, осы лауазымға үміткер қажет еді. Сол сәтте ҚазКСР Компартиясы ОК бірінші хатшысы болып тұрған Нұрсұлтан Назарбаевтан басқа лайықты үміткер болмады. Өз егемендігін жариялаған өзге одақтас республикалардың тәжірибелерінен де әдетте президент ретінде бірінші хатшыларын сайлағанын байқау қиын емес-ті. Сонымен, Жоғарғы Кеңес Назарбаевты Президент лауазымына сайлады. Қоғамда егемендік туралы идеяны 1990 жылға дейін біраз уақыт бұрын талқылай бастаған болатын. Сондықтан Назарбаев қолға алып, айналыса бастаған алғашқы дүние – бұл ҚазКСР мемлекеттік егемендігі туралы құжатты, яғни Декларацияның өзін дайындауға кірісуі болды. 

Декларацияның жұмысы қалай орын алды?

1990 жылы 16 қыркүйекте кеңестік газеттер Егемендік туралы декларациясы жобасын жариялады. Ол бағытта арнайы құрылған жұмыс тобы жұмыс істеді. Жалпы, декларацияны дайындауға төрт айдай уақыт кетті.

 Дауыс берудің қорытындысы: Декларацияны қолдап 261 депутат дауыс берсе, 18 депутат қарсы болды, екеуі – қалыс қалды.

1990 жылы 16 қазанда қорытынды құжат қабылданғанға дейін он күн бұрын ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінде Декларацияны белсенді талқылау басталды. Жұмысқа сол кезде аты аңызға айналған ХІІ шақырылымның халық депутаттары қатысты. Құжаттың әр бабын жеке-жеке талқылап, қабылдады, жұмысқа президент те белсенді түрде атсалысты. Осы орайда дауыс беру атап-атап орын алды, бұл дегеніміз, таблода дауыс берген депутаттың аты-жөні көрсетіліп тұрды деген сөз.

 ҚазКСР егемендігі туралы Декларация осылай қабылданды. Виталий Воронов ХІІ шақырылымның депутаттары қатарында болды, ол Егемендік туралы декларацияны әзірлеу мен қабылдауға да қатысты.

«Декларацияда ол тәуелсіздік туралы заңмен, жаңартылған одақтық келісімшартпен қатар, жаңа Конституцияны әзірлеу үшін негіз болатындығы туралы айтылған. Десек те, ол жерде айтарлықтай күрделі саяси-құқықтық новеллалар болды. Менің әлі есімде, 15 қазан күні біз сессияға жиналдық және декларация бойынша баяндаманы сол кездегі Жоғарғы Кеңестің төрағасы Ерік Асанбаев жасады. Бірақ 15-інде де, 16 қазанда да Декларацияны қабылдау мүмкін болмады. Өйткені көптеген мәселелердің түйткілі шешілмейтіндей деңгейде еді. Оның үстіне, Жоғарғы Кеңеске Егемендік туралы декларацияның тағы екі жобасы түсті», - деп әңгімелейді Виталий Воронов.

Виталий Вороновтың айтуынша, декларацияны бірден қабылдау мүмкін болмаған. Бұл депутаттардың құжаттың көптеген тармақтары бойынша бірауыз шешімге келе алмауымен байланысты болған.

«Декларацияда ол тәуелсіздік туралы заңмен, жаңартылған одақтық келісімшартпен қатар, жаңа Конституцияны әзірлеу үшін негіз болатындығы туралы айтылған. Десек те, ол жерде айтарлықтай күрделі саяси-құқықтық новеллалар болды. Менің әлі есімде, 15 қазан күні біз сессияға жиналдық және декларация бойынша баяндаманы сол кездегі Жоғарғы Кеңестің төрағасы Ерік Асанбаев жасады. Бірақ 15-інде де, 16 қазанда да Декларацияны қабылдау мүмкін болмады. Өйткені көптеген мәселелердің түйткілі шешілмейтіндей деңгейде еді. Оның үстіне, Жоғарғы Кеңеске Егемендік туралы декларацияның тағы екі жобасы түсті».

Егемендік туралы декларацияның екі баламалы нұсқасын «Демократиялық Қазақстан» депутаттар тобы мен «Азат» азаматтық қозғалысы ұсынды. Ол уақытта «Демократиялық Қазақстан» жобасына 30 депутат қол қойды. Олардың ішінде  Марат Оспанов, Петр Своик, Ермұхамет Ертісбаев және басқалары болатын.

Талқылау өткен соң екі күннен кейін депутат, академик Салық Зиманов басқарған келісім комиссиясы құрылды. 26 қазан күні халық депутаттары келісім комиссиясының декларациясының ресми нұсқасын қабылдады. Әр бап, қосымшасы мен түзетулерді депутаттар бүге-шүгесіне дейін қарап, талқылады. Осы орайда, дауыс беру аттарын атап, дауысқа салыну әдісімен жасалды, бұл әр депутатқа күрделі жеке жауапкершілікті жүктеді. 

«Мемлекеттілік мәселесі, атап айтқанда, Одақ құрамында республиканың қалуы немесе қалмауы бойынша күрделі пікірталастар орын алды. Көптеген депутаттарға декларация – бұл заң емес, ол Конституцияны өзгертпейтінін түсіндіруге тура келді. Тілдің мемлекеттілігі туралы пікірталастар болды. Егер сіз декларацияның мәтінін қарасаңыз, ол жерде қазақ тілі мемлекеттік тіл екендігі жазылмаған. Өйткені 1989 жылғы тіл туралы заңдк 1978 жылғы Конституциядағы секілді қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі екендігі жазылған», - деп еске алады Виталий Воронов.

Декларация бойынша дауыс беру кезінде Жоғарғы Кеңестің залынан телеарналар бойынша тікелей трансляция жүргізілді, сондықтан әр депутат өз дегендерін айтқысы келді, - деп әңгімелейді  Виталий Воронов.

Әр депутаттың артында аймақтардан 50 мың сайлаушылар тұрды. Сондықтан әрқайсысының дауысы депутаттар кеңескен нақты адамдардың ерік білдіруін білдірді. Жалпы, құжатты талқылауға он күндей уақыт кетті.

 Айта кетерлігі, халық депутаттарының шешіміне көп нәрсе байланысты болатын және Жоғарғы Кеңестің бастамалары қоғамның көңіл күйін нақты көрсетіп берді. Қандай да бір нақты мәселе бойынша дауыс басымдығына ие болу Кеңесте оңай емес екені де түсінікті,

Егемендік туралы декларацияның арқасында алғаш рет Қазақ КСР заңнамасында Жоғарғы Кеңес БҰҰ Адам құқықтары туралы жалпыға ортақ декларациясын мойындай отырып, бұл құжатты қабылдайтындығы туралы айтылды.

Декларацияда жазылған тағы бір маңызды норма – ол Қазақстан халқының атынан тек қана Жоғарғы Кеңестің сөйлей алатындығы туралы норма еді. Негізінде бұл ҚазКСР өзін парламенттік республика ретінде жариялайтындығын білдірді. 

Декларация нені жариялады

Декларацияның қосымшасы:

ҚАЗАҚ КЕҢЕС СОЦИАЛИСТІК РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕГЕМЕНДІГІ ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ  

25 қазан 1990 жыл.

Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, Республиканың бүкіл азаматтары үшін тұрақты және тең өмір талаптарын құруға тырысып, республикада өмір сүретін халықтардың достығын шоғырландыру мен нығайтуды алғашқы сатыдағы міндеті деп есептей отырып, Жалпыға ортақ адам құқығы мен ұлт құқығы декларациясын еркін анықтауды мойындай отырып, қазақ ұлтының тағдырындағы жауапкершілікті мойындай отырып, адамсүйгіш демократиялық құқықтық мемлекеттің құрылуының батылдығын негізге ала отырып, Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялайды және осы Декларацияны қабылдайды.

Егемендік туралы декларация 17 тармақтан тұрады. Осы құжаттың дәл сол баптары болашақта Қазақстанның бірінші Конституциясының іргетасына айналды. Егемендік туралы декларация КСРО республикасынан шығуды көздемегеніне қарамастан, онда Қазақстан өзінің сыртқы саясатын өздігінен анықтауға, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың мүшесі болуға құқығы бар екендігі жазылған. Оның үстіне, республика құжатқа сәйкес өзі табиғи ресурстарды, экономика мен ғылымды басқара алатын. Егемендік туралы декларацияның қабылдануымен қатар, Қазақстан Одақтың заңдарын Қазақстан аумағында тоқтата тұруға құқық алды.

 Қазақстанда бұл саяси өзгерістер тек 1989 жылдан бастап қана, яғни сол Мәскеудің өзінде немесе Балтық маңы елдерінде сәл кейінірек орын ала бастады. Бұл 1986 жылғы желтоқсан көтерілісімен байланысты болды, одан кейін кеңестік билік ұйымдастырушыларды белсенді түрде іздей бастады. Ондай жағдай Қазақстандағы қандай да бір либералдық процестердің бар екендігін толықтай жоққа шығарды. Осы орайда, тарихшылардың атап өтуінше, 1989 жылдан бастап республикадағы бүкіл оқиғалар қуатты қарқынмен дами бастады.

1989 жылы Орталық Қазақстанда Одақтың өзге де өнеркәсіптік және көмір өндіретін өңірлерінің артынан кейін шахтерлердің ірі көтерілістері басталды. Сарапшы тарихшылар атап өткендей, шахтерлік көтерілістер көбінесе КСРО-ның ыдырауын жылдамдатқан. Шахтерлер алға тартқан ұрандар соның ішінде, саяси да астарға ие болды. Халық егемендік туралы нақты айта бастады. Жұмысшылардың арасында одақтық республикалардың егемендігін беруге шақырған ұрандар жиі естілді.

«Сонымен, шахтерлердің экономикалық проблемалары орталықтан күштің, Мәскеуден күштің келгенін ұқтырды, осы орайда жергілікті билік органдарында күрделі құзыреттіліктің, республикаларда құзыреттіліктің  жоқтығын білдірді. Шешім ретінде құзыреттілікті жергілікті деңгейге беру ұсынылды. Сол кезде егемендік үшін күрес этникалық сипатқа ие болмаған еді. Шын мәнінде республиканың егемендігі туралы Қазақстандағы этникалық шығу тегіне қарамастан, барлық адам айтып жүрді. Бірақ КСРО республикасынан шығу туралы әңгіме болған жоқ», - дейді Мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбіл. 

1989 жылы бүкіл Одақ бойынша шахтерлердің жаппай көтерілісі басталды

Егемендік неге қажет болды?

Экономикадағы дағдарыс 

Орталыққа тәуелділік проблемасы бүкіл республикаларда қатты орын алды. Бұл проблема Қазақстан үшін де өзекті еді, іс жүзінде егемендік 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясында да орын алды, кеңес билігі оны сақтаған жоқ. Республиканың бүкіл экономикасы мен өнеркәсібі Мәскеудің қатаң бақылауында болды.

 Әсіресе, бұл ірі өнеркәсіп және өндіруші кәсіпорындарға қатысты еді.

80-жылдардың соңына қарай экономиканы басқарудың кеңестік жүйесі күрделі бұзылуға ұшырай бастады, тауар тапшылығы қатты сезілді, азаматтардың өмір сүру деңгейі төмендеп кетті. Мұның барлығы жұмысшылардың митингтері мен көтерілістерінің толқынын тудырды.

Экологияның нашарлауы

Республикадағы өте өзекті екінші проблема – бұл экология мәселесі еді. Арал теңізінің, Семей полигонының проблемасы мен Қазақстанның ірі өнеркәсіптік қалаларындағы экологияның нашарлауы, осы мәселелердің барлығы шұғыл шешуді талап етті. Жариялылықтың арқасында сол уақытта БАҚ бүкіл шындықты жаза алды. Қазақ газеттерінің беттерінде экологиялық проблемалар туралы мақалалар жиі жарияланып тұратын.

 

Декларация Семей полигонын жабуға көмектесті 

Егемендік туралы декларацияның қабылдануымен Қазақстанда қазақ даласындағы ядролық қарудың қасіретті сынақтарын тоқтатуға нақты мүмкіндік пайда болды. Алайда КСРО басшылығы Қазақстанның Семей полигонына өзі қожа екендігін мойындағысы келмеді. Бірақ Одақ тіпті, шетелде де білген ядролық сынаққа қарсы қуатты жалпыхалықтық қозғалысқа көңіл аудармай отыра алмады.

 «1989 жылға дейін Қазақстандағы қандай да бір саяси талаптарға алға тарту мүмкін емес еді, тіпті қатерлі болатын. Сондықтан республикадағы бүкіл азаматтық белсенділер түрлі экологиялық бастамаларды алға тартты. Кез келген саяси бастамалар ұлтшылдық ретінде бұрмалануы мүмкін болғандықтан, 1989 жылдың естеліктері де репрессияға ұшыратуы ықтимал еді. Қазақстанның егемендігі болмағандықтан экологиялық проблемаларды тиімді шешу мүмкін болмады», - деп атап өтті тарихшы Еркін Әбіл. 

Қазақстандағы ядролық полигон қалай жабылды?

Ядролық полигонның жабылуы үшін Президенттің басқаруымен республиканың бүкіл ресми билігі әрекет етті. Егемендік туралы декларация Мәскеуде полигонға қолжетімділікті жабуға мүмкіндік берді, алайда Қазақстан билігі оқиғаны жеделдетуге асықпады, ең алдымен орталықпен сынақтардың мөлшерін үш есе қысқартуға келісті. Одан соң полигонның жабылатын күні де алыс емес еді.

 Сол жылдардың оқиғасын еске алған заңгер, Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің 1990 жыл мен 1994 жылдар аралығындағы депутаты Виталий Воронов полигонды жапқан соң Мәскеуге ядролық сынақты қайта жаңғыртуға тырысуға себеп қалмаған.

Егемендік туралы декларация қабылдануына тікелей себеп – Қазақстанның басқару құрылымын өзгертуі еді. Бұл Конституцияға өзгеріс енгізбестен республикада саяси өзгерістердің басталғанын білдірді.  Сонымен, ҚазКСР министрлер кеңесінің орнына министрлер кеңесі енгізілді. Кеңестік саяси құрылымнан бас тарту республика іс жүзінде тәуелсіздігін жариялауға дайын екендігін білдірді, алайда бұл тек бір жылдан кейін орын алатын еді. 

"Астарлы" референдум

1991 жылы КСРО сақталуы үшін дауыс беру 

1991 жылы КСРО ресми ыдырағанға дейін Михаил Горбачев Одақты жаңа мәртебеде сақтап қалуға тырысты. Ол үшін 17 наурыз күні халықтық референдум өткізілді. Мәскеудің жоспары бойынша жаңа Одақ тең құқылы республикалар федерацияның кейпінде болуы тиіс. Осы орайда дауыс беруге арналған бюллетендегі жазу екіұдай ойды білдіретін еді. Бір жағынан адамдарға кез келген ұлттың адам құқығы үшін, ал екінші жағынан, КСРО сақтап қалуы үшін дауыс беруді ұсынды. 

Осы жерде не үшін: КСРО-ның сақталуы үшін бе әлде адам құқығының сақталуы үшін дауыс беру керек пе деген  мәселе туындады. Референдум сұрағында қарама-қайшылық бар еді, өйткені ол жерде федерация түсінігі болды, ал бұл – бірыңғай мемлекет дегенді білдіретін еді. Осылайша, егемен республикалар түсінігі дегенге алып келді. Мұның барлығы дауыс берушіні шатастыратын. Алайда Қазақстанда өз нұсқасын ұсынды, өз кішігірім болғанымен, қазақстандықтар үшін өте маңызды өзгерістерді көрсетті. 

 «Қазақстан одақтық референум сұрағының ұсынылу түрін өзгертті. Ол жерде «федерация» деген сөз болмады. Бұл өзгеріс үшін біздің  Егемендік туралы Декларация негіз болды. Бюллетендегі сұрақ: «Сіз Одақтағы КСРО егемен мемлекеттер түрінде жаңарғанын қалайсыз ба?» деген сипатта болды. Бүкіл Қазақстан конфедерация үшін дауыс берді», - деп әңгімелейді тарихшы Еркін Әбіл.

 «Егемендіктің парады» басталған уақытта бүкіл республикаларда оны жариялаудың шарты әртүрлі болды. Қазақстан одақтық азаматты сақтап арқылы республикалық азаматтықты енгізу туралы мәселені бірден көтерді. Бұл ұсыныстардың барлығын іс жүзінде тәуелсіздіктің атрибуттары деп есептеуге болатын еді.

Неліктен Қазақстан егемендігін жариялауға асықпады? 

Тарихшылар атап өткендей, 80-жылдардың соңында Қазақстанда айтарлық күрделі ұлттық демографиялық жағдай орын алған. Сол уақытта республикада қазақстан басым көпшілік үлеске ие болмаған: олар небәрі 40%-дай ғана еді. Бұл проблемаға тағы бірі қосылды, - республиканың ішіндегі өңірлер арасындағы экономикалық және көлік байланыстары жоқтың қасы еді. Сонымен, шекара маңындағы солтүстік облыстар одақтық өңірлермен байланысты болды, осы орайда Қазақстанның оңтүстік аймағы Орталық Азиямен ұштасып жатты. Осының  барлығы Қазақстан билігіне тәуелсіздік туралы алғашқы болып жариялауға мүмкіндік бермеген. Президент орталық арасында амалдап, республика ішінде мәмілеге келуі керек болды.

 Егемендік туралы декларация Қазақстанда көптеген тер мен күш жұмсау арқылы келді, әсіресе 1980-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басындағы саяси талаптарды есепке алғанда, өте ауырға соқты. Оның үстіне, Қазақстанның билігіне тәуелсіздікті жариялағанға дейін бір жыл бойы егемендікті қамтамасыз ету де оңай болмады. Бұл Қазақстанның ішінде де, сондай-ақ орталықпен де күрес кезеңі болатын.  

  Республика күні мерекесінің хронологиясы

18  қазан 1995

Президенттің Жарлығымен 25 қазан Ұлттық мереке – Республика күні деп жарияланды. 

13 желтоқсан 2001

Республика күні мемлекеттік мереке деп танылды.  

22 сәуір  2009

Респубоика күнін тойлау алынып тасталды. 

29 қыркүйек 2022

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруға қатысты заңға қол қойды.

2022 жылы 29 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін қайтарған заңға қол қойды. Енді 25 қазан республика аумағында ресми түрде демалыс күні болып жарияланды. 

Аскар Дауренов
Бөлісу: