Емберді Едіге 17 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионы атанды,– деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ауыр атлетика федарациясы мәлімдеді.
73 келіге дейінгі салмақта біздің спортшымыз 309 (136+173) келі нәтижемен көш бастады, жұлқи көтеруде «күміс», серпе көтеруде «алтын» иеленді.
Едіге серпе көтеруде және қос жаттығу қорытындысы бойынша Азияның жастар арасындағы жаңа рекордын орнатты.
І орын: Едіге Емберді (136+173) Қазақстан
II орын: Варапот Насуривонг (135+172) Тайланд
ІІІ орын: Ерматов Диербек (137+150) Өзбекстан