Қырғыстанның астанасы Бишкек қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Дүбірлі додада отандасымыз Едіге Қасымбек 125 кг салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.
Жерлесіміз финалда моңғолиялық спортшы Нагантулга Дармаабазармен кездесіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Едіге Қасымбек U20 санатында Азия чемпионы атанып, көк туымызды Бишкек төрінде желбіретті.