«Е-заң көмегі»: 48 мемлекеттік қызмет электронды форматқа көшті

25 Тамыз 2022, 17:02 2156

Енгізілген жаңа жүйелер халыққа қолжетімді.

Әділет министрі Қанат Мусин азаматтардың өмірін жеңілдету мақсатында министрліктің 48 мемлекеттік қызметі электронды форматқа көшірілгенін айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Халыққа мемлекеттік қызметтерді смартфондар арқылы алу мүмкіндігі туып отыр. Қазірдің өзінде «eGovmobile» қосымшасында 37 қызмет қолжетімді. Жыл сайын мәжбүрлеп орындауға түсетін құжаттар саны артып отыр», - деді әділет министрі

Бүгінде еліміз бойынша 263 мемлекеттік және 2221 жеке сот орындаушысы бар. Айына 413 іс түседі. Бүгінгі күні іс жүргізу әрекеттерінің 70 пайызы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады. Бұл жүйені жылжымайтын мүлік, заңды тұлғаны тіркеу базаларымен біріктіру арқасында, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері арқылы жылжымайтын мүлікке, ақша шоттарын бұғаттау, заңды тұлғаларды тіркеуге тыйым салу, сол сияқты осы шектеулерді алу автоматты түрде жүзеге асырылатын болды.

«2021 жылдың 20 сәуірінен бастап пилоттық жобаның екінші кезеңі басталды. Оған барлық өңірлер сотқа дейінгі тергеу органдары адвокаттарды тағайындауының, сондай-ақ «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуді есептеу мен төлеудің автоматтандырылған процесіне көшті», - деді министр.

Әділет министрінің айтуынша, «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесіде бүгінде 189 адвокат, 434 заң консультанты тіркелген. Жалпы үстіміздегі жылдың 7 айында қала бойынша 3011 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді.

Сондай-ақ министр кездесуде өзіне қойылған сұрқтарға да жауап берді.

Мәселен, алимент төлеуден жалтаратындарға қатысты қандай шара қолдану қажет екенін сұраған тұрғынға министр еліміз бойынша алимент төлейтіндердің саны азайып келе жатқанын айтты. Айтуынша, бүгінгі күнге дейін 1 мыңнан 4 мыңға дейін борышкер жауапқа тартылып, оларға белігілі бір шаралар қолданылған.

Бұдан бөлек, құқықтық насихат, мәдениет, денсаулық төңірегінде мәселелер мен қатар қоғамдық кеңестің мүшелері мен төрағалары тарапынан бірқатар сауалдар қойылды. Министр сөз соңында мұндай кездесулер әлі жалғасын табатындығын, кез келген сұраққа есік ашық екендігін айтты.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: