Еңбек нарығында жастардың үлесі көбейеді

7 Маусым 2022, 11:41 49526

Фото: kazgazeta.kz

2030 жылға қарай еңбек нарығындағы жастар саны 80%-ға жетеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz 

Еліміздегі демографиялық өзгерістер отандық еңбек нарығына өз әсерін тигізіп жатыр. Бұл саладағы ең басты өзгеріс жұмыс күшінің жаңа буынының пайда болуынан туыпдап отыр. Қазір 2000 жылдардан кейін туылған ұрпақ есейіп, ержетіп келеді. Жыл сайын 300 мыңнан астам жас еңбек нарығына қосылып жатыр, - деп айтты Еңбек министрі.

Министр жұмыс күшінің жаңа құрамы қалыптасып жатқанын атап өтті. 

Еліміздегі жұмыс күшінің 60%-ы миллениалдар мен Z буыны. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 80%-ға жуықтайды, - деді министр.

Бұл үрдіс жұмыспен қамту саясатын қайта қарауды көрсетіп отыр. Сондай-ақ, Тамара Дүйсенова азаматтарды жай жұмыспен қамтып қана қоймай, сапалы жұмыс беріп, халықтың табысын арттыру қажет деп есептейді.

Бөлісу: