16 Сәуір 2014, 05:27
1) Айналайын – әлемдегі баламасы да, аудармасы да жоқ сөз. Қазақтардың ерекше жақсы көргенде айтатын сөзі
2) Ареодярекпут (эскимостар тілінде) — біраз күнге әйел ауыстыру;
3) Баккушан (жапон тілінде) — артынан қарағанда тым сымбатты, ал алдынан қарағанда ұсқынсыз қыз;
4) Шемомеджамо (грузин тілінде ) — тамақ аса дәмді болып, ештеңеге қарамай барлығын тауысып жеп қою.
5) Илунга (луба, Конгоның тілі) — бірінші қалжыңды кешіре салатын, екінші қалжыңды қабақ шытып, кешірім беретін, ал, үшінші кезекте мүлде қатты ренжіп, мәңгі көрмей кететін адам
6) Карелу (тулу, Үндістан тілі) — қатты тар киімнен, іш киімнен теріге батқан із;
7) Кливидж (ағылшынша) — қос анардың арасындағы, екі бөксенің арасындағы (сырт көзді арбап, көрініп тұратын) сызық;
8) Тсудоку (жапон тілінде) — кітапты сатып алып, оны соңына дейін оқып бітіре алмай тастап кету;
9) Палегг (норвег тілінде) — тоңазытқышта не болса, сонымен жасала салған сэндвич;
10) Ведрите (словен тілінде) — су болмау үшін жауынның басылуын күтіп, ғимараттан шықпай күте тұру;
11) Кайакумама (жапон тілінде) — балаларына сабақтан бас көтертпейтін Ана;
12) Пелинти (Гана тілінде) — Керемет дәмді тағамға қызығып асап жібересіз. Сорыңызға орай ол тым ыстық боп шығады. Ауызыңыздан шығарып тастай алмайсыз... Көзіңізден жас ағып, ауызыңызды ашып бейшара халге түсесіз. Міні Ганада сол сәттегі күйіңізді пелинти деп атайды
13) Лайогеник (Ява аралдары тілінде) — Алыста болған кезде өте қымбат, алайда, қасыңызда жүргенде тіпті назар да салмайтын адамыңыз;
14) Махж (парсы тілінде) — аурудан кейін әдемі болып, қатарға қосылу;
15) Рхвэ (Тонго тілінде) — Мас күйінде, киімін шешпей еденге құлай кетіп ұйқы соғу;
16) Лагом (швед тілінде) — әлдененің жетер-жетпес, болар-болмас күйде қалуы (сериалдың қызық жеріне келгенде бітіп қалып «өй, әкеңңң» дегізетін кезі болса керек)
17) Нилентик (индонезия тілінде) — біреудің құлағынан шертіп жіберу;
18) Сендула (лунда, Замбияның бір тілінде) — орманда жаралы немесе өлген аңға ұшырасып қалып, жақын маңда арыстан немесе гепард жүргенін болжау;
19) Уитваайен (голланд тілінде) — қаланы тастап, аз күнге болса да ауылда таза ауамен тыныстап келу;
20) Уликкесбилен (дат тілінде) — үнемі бұзылып немесе апатқа ұшырай беретін көлік;
21) Вибафноут (чех тілінде) — қорқытпақ болып, ойы іске аспай қалу;
22) Бокетто (жапон тілінде) — Түк себепсіз, мағынасыз алысқа қарап тұра беру;
23) Иктсуарпок (Гренландия инуиттары тілінде) — барлығын дайындап болған кезде, қонақтардың кешігіп келіп болмауы салдарынан болатын жеңіл алаңдаушылық;
24) Куалункуизмо (Италия) — Саясат пен қоғамнан әбден шаршап сілікпеңіз шыққан кездегі жай-күйіңізді осы сөз білдіреді;
25) Панапоо (гавай тілінде) — басын қасып ойлану;
26) Муррма (вагиман тілі, Австралиялық аборигендер тілі) — су ішінде тұрып, аяғыңмен әлдене тауып алу;