Париж Олимпиадасының қола жүлдегері дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа жерлестері сый-сияпат жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы дзюдо федерациясының мәліметінше, Темірлан ауылының тұрғындары Ғұсман Қырғызбаевқа автокөлік сыйласа, облыстық дзюдо федерациясының президенті Хамиддин Жарқынбеков федерация және өз атынан жылқы мінгізді.
Еске салайық, Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасында дзюдодан 66 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, қола жүлде жеңіп алған еді.