Дзюдошы Елдос Сметовтің бесінші баласы дүниеге келді

15 Желтоқсан 2023, 12:32 9317

Қазақстандық танымал дзюдошы Елдос Сметовтің бесінші баласы дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дзюдодан екі дүркін Олимпиада жүлдегері әрі әлем чемпионы Елдос Сметовтің шаңырағында тағы бір сәби дүниеге келді. Спортшының жұбайы бесінші баласын дүниеге әкелді. 

Елдос Сметов дзюдодан Рио Олимпиадасының күміс, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. 2014 жылғы Азия ойындарының, 2015 жылғы әлем чемпионатының және 2016 жылғы Азия біріншілігінің жеңімпазы.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: