Дзюдодан жастар арасындағы ел чемпионаты: Жамбыл облысы көш бастады

25 Қыркүйек, 16:10 457

Шымкентте дзюдодан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан біріншілігі аяқталып, жалпы есептегі жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысы көш бастады. Аталған өңір балуандары 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған. 

Екінші орынды 2 алтынға қол жеткізген Ұлытау облысы иеленді. 

Ал үздік үштікті 1 алтын, 2 күміс және 2 қол медаль еншілеген Қызылорда облысы тұйықтап тұр. 

Алғашқы бестікке Атырау және Жетісу облысының командалары да енген. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: